Ақтау: Медициналық сақтандыру қорының басшысы 17,5 млн теңге жымқырды

Ақтауда әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының жетекшісі Руслан Бектубаев қамауға алынды. Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов Бектубаев қаражат жымқырды деген күдікке ілінгенін айтты.

«Азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетілген, бірақ шын мәнінде бұл қызмет көрсетілмеген. Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.

«Медициналық сақтандыру қорының қалалық филиалының басшысы Руслан Бектібаев 17,5 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Онымен бірге іс бойынша медициналық фирмалардың бірінің директоры күдікті танылды. Компания Қормен тегін медициналық көмек көлемі бойынша медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасты. Денсаулық сақтау министрлігінің базасына емделу немесе дәрігердің кеңесін алған адамдар туралы жалған мәліметтер енгізіліп отырған», — деп хабарлайды өңірлік БАҚ.

Добавить комментарий