АҚШ Ауғанстандағы тәліптердің шабуылына алаңдаушылық білдірді

Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби Fox News телеарнасына берген сұхбатында Құрама Штаттар Ауғанстан аумағынан әскер шығарылғаннан кейінгі оқиғаларды бақылауда екенін және Талибан (ҚР-да тыйым салынған) қозғалысына қатысушыларға алаңдаушылық білдіріп отырғанын мәлімдеді.

«Біз (АҚШ — ред.) қауіпсіздікке нұқсан келіп, зорлық-зомбылықтың өршуіне және Ауғанстандағы «Талибанның»* шабуылына асқан алаңдаушылықпен бақылап отырмыз», — деді ол.

Кирбидің айтуынша, Ауғанстандағы зорлық-зомбылық өте қауііпті деңгейде.

Ол АҚШ билігі ауғандық серіктестерімен «қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып» жұмыс істейтінін атап өтті.

Ауғанстанда ауылдық елді-мекендердің басым бөлігін басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасап жатқан талибандар мен үкіметтік күштер арасындағы қақтығыс жалғасуда.

Вашингтон 11 қыркүйекке дейін америкалық әскерилерді толық шығаруға уәде бергеннен кейін жағдай өршіп кетті.

Үкімет пен талибан арасындағы қиян-кескі шайқас шекара маңындағы төрт облыста бірнеше аптадан бері жалғасып келеді. Ауғанстанның Бадахшан провинциясының 28 ауданының 18-і содырлардың қолына өтті. Мамыр айынан бері олар Ауғанстанның 150-ден астам ауданын басып алды.

Тәжікстанның ҰҚШҰ өкілі Хасан Султоновтың мәліметінше, бүгінгі таңда тәліптер тәжік-ауған шекарасының 910 шақырымын бақылауына алған.

  • Талибан — Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий