АҚШ-қа экстрадицияланған ресейлік кәсіпкер сот алдына келеді

АҚШ Әділет министрлігі хакерлік шабуыл жасады деп айыпталған ресейлік кәсіпкер америкалық сот отырыстарына онлайн форматта қатысатынын мәлімдеді.

«Мен Владислав Клюшиннің сенбі күні Швейцариядан АҚШ-қа экстрадицияланғанын растай аламын», — деп атап өтті АҚШ Әділет министрлігінің ресми өкілі Николь Навас-Оксман. Оның айтуынша, ресейлік бүгін АҚШ-тың Шығыс жағалауының уақыты бойынша сағат 11:30-да (19:30 мск) Бостонда (Массачусетс штаты) «алғаш рет сот алдына келеді». Ол сот отырысына онлайн форматта қатысады.

Клюшин 21 наурызда Швейцарияның Сьон қаласының әуежайында ұсталды, ол Церматт курортында демалу үшін отбасымен бірге келген болатын, деп хабарлайды Le Matin Dimanche газеті. Швейцария федералды әділет басқармасы АҚШ-тың экстрадициялау туралы өтінішін қабылдады, алайда ресейлік бұл шешімге қатысты алдымен Федералдық қылмыстық сотқа, содан кейін — Федералдық сотқа шағым түсірді. Тамыз айында Федералды әділет басқармасы Ресейдің Клюшинді РФ-ға экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Америкалық Newsweek журналының хабарлауынша, ресейлік азамат АҚШ-та америкалық компанияларға қатысты хакерлік шабуылдарға қатысы бар деп, сондай-ақ бұрын ұрланған құпия ақпарат негізінде қаржы операцияларын жүргізді деп айыпталуда. Ресейліктің адвокаты журналистерге АҚШ-та өткен сайлауға қатысты ресейлік тарапқа тағылған айып Клюшинге де тағылуы мүмкін деп хабарлады. Bloomberg агенттігі бұған дейін дереккөздеріне сілтеме жасап, америкалықтардың болжамы бойынша, Клюшин белгілі бір ақпаратты білуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мәскеу Вашингтонның АҚШ-та өткен сайлауға Ресейдің араласты деп тағылған айыптарды бірнеше рет жоққа шығарған болатын. АҚШ билігі мұны растайтын дәлелдемелер ұсынбады.

Добавить комментарий