Коронавирус індеті теңіз сауда кеме қатынасының жағдайын едәуір нашарлатты.
«Бұл мен ондаған жылдар ішінде көрген кемелер мен экипаждың ең ауыр жағдайы», — деп мәлімдеді Allianz Global Corporate & Specialty компаниясының теңіз тәуекелдері жөніндегі аға кеңесшісі Эндрю Кинси.
Әлемдегі теңіз сауда кемелері экипаждарының 1,6 млн мүшесінің 20% жуығы бірнеше ай бойы жағалауға шыға алмауда.
Компаниялар теңізшілерді жағалауға қайтаруға тырысады, бірақ көптеген порттар экипажды ауыстыруға тыйым салды. Бұл ретте түрлі елдердегі 123 сауда портының 45-і коронавирус індетіне байланысты рұқсат беруді тоқтатты.
«Біз Covid-19 пандемиясының заңды бұзу үшін сылтау ретінде қолданылмайтынына көз жеткізуіміз керек… Теңізшілердің құқықтары ауыртпалықты немесе қиын болса да сақталуы тиіс», — деп мәлімдеді Халықаралық еңбек ұйымындағы көлік және теңіз саласы саясаты бөлімінің басшысы Брандт Вагнер.
Саладағы хаос әлемдік жеткізілімдерге теріс әсерін тигізеді, себебі БҰҰ-ның Дүниежүзілік сауда және даму жөніндегі конференциясының мәліметінше, әлемдік тауар саудасының шамамен 80%-ы су арқылы жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемдік сауда антирекорды жаңартқан болатын. Әлемдік сауда көлемінің төмендеуіне коронавирус індетіне байланысты әлемнің барлық елдерінде жарияланған карантин себеп болып отыр, деп атап өтті Дүниежүзілік сауда ұйымы.