Әлеуметтік желілерде президент Тоқаевтың қазақстандықтардың несиелерін есептен шығару туралы жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат таратылуда.
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы таралып жатқан ақпаратқа түсініктеме беріп, оны шындыққа сай келмейді деп атады.
Атап айтқанда, 2019 жылы қарызды өтеу түріндегі біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарының қарыздары мен несиесін есептен шығару туралы «жарлыққа» қол қойғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпаратқа Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли түсініктеме берді.
Ол таратылып жатқан ақпарат жалған деп мәлімдеді. Берік Уәли 2019 жылы Президенттің тапсырмасы бойынша кепілдендірілмеген тұтынушылық несиелерге қатысты қарызды өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілгенін еске салды.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, бұл акция бір реттік сипатқа ие болды және тағы қайталанбайды. Осылайша, Қазақстанда несиелерді есептен шығарудың жоспарланып отырғаны туралы бейнежазбада айтылған деректер шындыққа сәйкес келмейді», — деді Уәли.
Ол қазақстандықтарды әртүрлі фейктерге сенбеуді және тек ресми хабарламаларға ғана сенуге шақырды.