Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысы аудан әкімдерінің бірінің ұсталғаны туралы хабарлады. Оны жер пайдалану саласында заңға қайшы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
«Аудан әкімінің орынбасары мен облыс аудандарының бірінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Шенеуніктер кәсіпкерлік субъектісінен екі жер телімі бойынша жер пайдалану құқығын беру туралы оң шешім шығарғаны үшін Т800 мың сомасында пара алды деп күдіктенеді», — делінген жұмада таратылған хабарламада.
15 қазанда күдіктілер ұсталып, Көкшетау ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде», — делінген хабарламада.