Жасөспірімді ұрған ер адам 10 тәулікке қамалды

Павлодарда ер адам жасөспірімді ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот жасөспірімді ұрған Павлодар тұрғынын 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Белгілі болғандай, Павлодар тұрғыны төбелес кезінде қатты масаң күйде болып, не істегенін білмеген.

2022 жылы 20 наурызда Қайырбаев көшесінде ер адам 14 жасар жасөспірімге қасақана дене жарақатын салып, денсаулығына жеңіл деңгейде зиян келтірген.

Полицейлер ер адамның кәмелетке толмаған баланы себепсіз ұстап алып, жұлқылап жатқан бейнежазбаны ұсынды.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

Павлодар тұрғыны кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий