Ақмола облысында ТМД аумағында баламасы жоқ инновациялық мектеп ашылды.
Төңкеріс ауылында 110 оқушыға арналған жаңа форматтағы мемлекеттік мектеп ашылды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Жаңа оқу орнының ашылуына облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен оның орынбасары Малғаждар Тәткеев қатысты.
Жергілікті тұрғындар үшін жалпы білім беру мекемесінің ашылуы көптен күткен жағымды жаңалық болды. Өйткені Целиноград ауданында бірнеше жылдан бері білім ордасының жетіспеушілігі байқалуда, ал бар мектептер балаларды сыныпқа сыйдыра алмай әлек.
Нысан рекордтық қысқа мерзімде — төрт айдың ішінде салынды. Бас мердігер алдыңғы қатарлы оқу орындарын салуда тәжірибесі мол BI Group компаниясы болды. Мектепте — 14 кабинет, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, коворкинг-аймақтар, ойын алаңдары және сапалы оқыту үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Химия және информатика сыныптары жаңа жабдықтармен жабдықталған, ғимараттың ішкі дизайны елордалық BINOM мекемелерінің интерьерін еске салады.
Бұл мектептің басты ерекшелігі — ол қысқа мерзімде құрылыс конструкцияларынан тұрғызылған. Мұндай жобаның ТМД-да баламасы жоқ Қазақстандағы бірінші жоба. Біз үшін қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту мәселесіне атсалысу зор мәртебе. Бұл нысан іске қосылған және барлық жалпы қабылданған стандартқа сай келеді, деді Қайрат Теміреев, жоба жетекшісі.
Мұнда оқу бір ауысымда болады. Заманауи технологиялар бойынша салынған осындай мектептер көп ұзамай Жарқайың ауданы Бірсуат ауылында, Аршалы ауданы Аршалы кентінде және Целиноград ауданы Ақмешіт ауылында ашылады.
Осылайша, төрт модульді нысанның құрылысы өңірдегі оқушылар орындарының тапшылығы мен апатты әлеуметтік нысандардың проблемасын жоюға көмектеседі.