Қазақстанда жаңа коллекциялық монета сатылымға шығарылады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/11/speech-42672-1668594542-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылғы 17 қарашадан бастап JAMBYL. 175 JYL. коллекциялық монетаcы сатылымға шығарыла бастайтынын хабарлады.

Бұл «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан шығады.

JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, номиналы 100 теңгелік, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана.

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Жиегі «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазумен айналдыра көмкерілген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар.

Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі көрініс тапқан, орта тұсында ақынның «Артықша туған азамат» өлеңінің жолдарын оқуға болады. Жиегінде «JAMBYL» және «QAZAQ HALYQ AQYNY» жазулары айналдыра басылған.

JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары белгіленген құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстанның барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Добавить комментарий