Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты Екатеринбург-Алматы тас жолында қозғалыс шектелді.

Өңірлік ТЖД 22 наурызда сағат 10:00-да тас жолдың 1275-1426 шақырымында жол жабылғанын хабарлады.

Аймақта бұрқасын салдарынан көру мүмкіншілігі нашарлады.

22 наурызда синоптиктер бүкіл Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады.

Добавить комментарий