Ақмола облысы: Мердігер орындалмаған жұмыс үшін 27 млн теңге алды Ақмола прокурорлары 27 млн.теңгеден астам бюджет қаражатының заңсыз бөлінгенін анықтады

Ақмола облысы Есіл ауданындағы мектепте күрделі жөндеу жүргізу керек болған мердігер жұмыстарды орындамағаны анықталды. Прокуратура актілерге заңсыз қол қойылғанын және орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатынан 27 млн теңгеден астам ақы төленгенін хабарлады.

Мердігер жасасқан келісім-шарттың талаптарын орындамаған, терезе орнату, мектеп шатырын жабу және т.б айтарлықтай жұмыс көлемі орындалмай қалған, соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады. Мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды

Мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамағаны үшін 1 380 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиясынан айыра отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура қабылданған шаралардың нәтижесінде объектіде жұмыстар белсенді басталып, жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Добавить комментарий