Ресей «МИР» төлем жүйесіне балама жолын іздеуде

Әлемдегі тоғыз елдің алтауы ресейлік «МИР» төлем карталарын қабылдаудан бас тартты.

Ресей «МИР» төлем картасына балама жол іздеуде», — деп хабарлайды Bloomberg басылымы.

РФ 2014 жылы Украинаға қарсы соғыс ашып, украиналық Қырымды аннексиялағанына байланысты АҚШ санкцияларының алғашқы толқынынан кейін «Мир» жүйесін құрды. Жүйе Ресейді санкциялардан қорғаудың негізгі элементіне айналуы тиіс еді.

Жүйеге Ресейден басқа тоғыз ел қосылғанымен, алты елдің банктері АҚШ Қаржы министрлігі қыркүйек айында ескерту жасаған соң екі айдың ішінде одан төлем қабылдаудан бас тартты.

Ресейлік банктің шенеуніктері халықаралық несие берушілер арасында, тіпті Кремль «достас» деп санайтын елдерде де Вашингтонның ықпалын ескеріп, балама жолын ойлап табуға тырысып жатыр. Шенеуніктер жария түрде тек басқа нұсқалармен жұмыс істейтінін ғана айтып отыр.

Ресейліктер үшін танымал туристік бағыт және батыс санкцияларына қосылмаған ірі ел Түркия қыркүйек айында «Мир» карталары бойынша транзакцияларды қабылдауды тоқтатты.

Соңғы бірнеше айда Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан банктері де аталған картаны қабылдаудан бас тартты. Қазақстанның ірі банкі де осындай шешім қабылдады. Вьетнамдағы картаны қабылдаған екі мекеменің бірі де одан бас тартты. «Мир» сайтында оны пайдалануға болатын елдердің тізімі жоғалып кетті.

Қазір Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы кейбір банктер ғана әлі күнге дейін «Мир» карталарын қабылдап жатыр.

Бұған дейін «Мир» жүйесін қабылдайтын елдердің саны артады деп күтілген болатын.

 

Добавить комментарий