АӨК дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамы қалыптастырылды

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамына 18 адам енді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Кеңеске кәсіпкерлер мен шенеуніктер кірді.

Оның ішінде ҚР АШМ үш өкілі: Министр Ербол Қарашөкеев, вице — министр Рүстем Құрманов, қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Дархан Жұмаділов

Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Берік Оспанов, ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаев және азаматтық қоғамнан 13 мүше: Ермек Әбуов, Теміржан Айтбаев, Анас Баққожаев, Мырзахмет Өксікбаев, Бақыт Атайбеков, Кинталь Исламов, Игорь Жабяк, Ерлан Алпысов, Бауыржан Бақшилов, Ержан Биекенов, Айдар Нығметов, Геннадий Зенченко, Мақсат Толықбай.

Сонымен қатар, конкурс аясында Қоғамдық кеңес құрамына 5 кандидаттан тұратын резервтік тізім анықталды: Ғабиден Балғынбеков, Айдын Байеділов, Равиль Мингазов, Ахмедияр Айтбаев, Майраш Имантаева.

Добавить комментарий