Қазақстан Facebook пен Instagram-дағы контентті бұғаттау құқығына ие болады

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Facebook әлеуметтік желісінің өкілдерімен өткен кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтар туралы хабарлады.

Аталып өткендей, ол балалардың интернеттегі құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерге арналды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша, Қазақстанға ішкі «контент туралы хабарлау жүйесіне» қолжетімділік берді, енді Facebook пен Instagram-дағы заңға қайшы ақпаратқа шара қолдана алады.

Министрліктегілер атап өткендей, Қазақстан — Орталық Азиядағы осы жүйеге қосылған алғашқы ел.

Facebook-тың өңірлік директоры қол жеткізілген уағдаластыққа қатысты түсініктеме берді

Facebook-тың қоғаммен байланыс жөніндегі өңірлік директоры Джордж Чен компания командасы қазақстандық мамандарды белсенді түрде оқытып жатқанын айтты. Оның айтуынша, үкіметтің уәкілетті органдары елдің заңнамасын бұзатын контентпен тиімді күресетін болады.

Келісімде әлеуметтік желі өкілдері министрлікпен өзара іс-қимыл жасау үшін уәкілетті өкілді беретінін айтылған.

Жаңа жүйе Facebook пен Instagram-дағы заңға қайшы контентті жедел хабарлауға мүмкіндік береді.. Ведомство Қазақстан халқына қызмет көрсететін басқа да интернет-компаниялармен диалог орнатуға ниетті.

Қазан айының басында Facebook қолданушылары ішкі жаңартуларға байланысты желі жұмысында ақау пайда болғанын байқады. Енді Instagram жұмысында болатын ақаулар туралы алдын ала хабарлайтын болады. Қазақстанда әлеуметтік желілерді неліктен бұғаттайтынын мына жерден оқыңыз.

Добавить комментарий