АҚШ Президенті әкімшілігі баспасөз хатшысының орынбасары Карин Жан-Пьер Владимир Путин мен Джозеф Байден арасындағы келіссөз өте маңызды деп санайтынын хабарлады. Бұл туралы ол жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында айтты.
«Әрине, [АҚШ] президенті мен Ресей президенті Владимир Путиннің әңгімелесуі өте маңызды. Көшбасшылар арасындағы диалог алмастырылмайды», — деді ол. Жан-Пьер қос ел басшылары кең ауқымды мәселелерді талқылайтынын және Байден алдағы келіссөздерді «асыға күтіп отырғанын» айтты.
Бұған дейін Ақ үй сейсенбі, 7 желтоқсанда Путин мен Байден арасындағы бейнебайланыс форматында кеездесетіні жоспарлап отырғанын растаған. Қос елдің басшылары «АҚШ пен Ресей қарым-қатынасындағы бірқатар мәселелерді, оның ішінде стратегиялық тұрақтылық, киберсфера мен өңірлік мәселелерді» талқылайды деп күтілуде.
Жұма күні Ресей көшбасшысының көмекшісі Юрий Ушаков кездесу барысында президенттер екіжақты мәселелерді, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде Ауғанстан, Иран, Украинаішілік дағдарыс, Ливия және Сирия мәселесі қарайтынын хабарлады. Сонымен қатар, көшбасшылар стратегиялық тұрақтылық жөніндегі диалогтың барысын талқылап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің саммитін өткізуді көздейтін ресейлік бастаманы іске асыру тақырыбын көтеретін болады.