ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында Астанада «Власть» интернет-журналының тілшісі Бейімбет Молдағалидың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда журналист босатылды, ал оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Молдағалидің Астана қаласының аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілгені туралы хабарланған болатын.