Беларусьте қауіпсіздік күштерінің қылмыстарын тіркеу үшін онлайн-платформа іске қосылады

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская Қылмыстарды тіркеудің бірыңғай кітабы интернет-платформасының іске қосылғанын жариялады.

Қылмыстарды тіркеудің бірыңғай кітабы — бұл онлайн платформа, онда әрбір жәбірленуші, куәгер немесе қылмысқа қатысушы тұлға заңға қайшы әрекеттер туралы, оның ішінде президенттік сайлауда бұрмалаушылық фактілері туралы ақпарат қалдыра алады.

Светлана Тихановскаяның айтуынша, жоба бірінші кезекте қуғын-сүргін науқанына тартылған, бірақ енді қылмыстық бұйрықтарды орындағысы келмейтін қауіпсіздік күштер қызметкерлері үшін құрылған.

Олардың шын жүректен мойындауы жазаны жеңілдетуге ықпал етуі немесе тіпті болашақта қылмыстық жауапкершіліктен босатуға себеп болуы мүмкін.

Қылмыстарды тіркеудің бірыңғай кітабы — сот емес, онда үкім шығарылмайды, онда тек тергеу мен қылмыстық істерді қозғау үшін деректер жиналады, — деп мәлімдеді Светлана Тихановская 1 желтоқсанда жобаны іске қосуға арналған онлайн баспасөз мәслихатында.

Жобаны ІІМ қызметкерлері, прокурорлар, тергеушілер, қылмыстық құқық саласындағы сарапшылар, адвокаттар, судьялар және ІТ-мамандар жасады.

Материалдар платформаға келіп түседі, біздің мамандарымыздың тексеруінен және верификациясынан өтеді, содан кейін ғана ақпарат дерекқорға енгізіледі. Бұл ретте қылмыстық бұйрық берген адамнан бастап орындаушыға дейін бүтін құрылым құрылады, — дейді халық жағына өткен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлеріне көмектесетін ByPol бастамасының негізін қалаушысы және мүшесі, бұрынғы тергеуші Андрей Остапович.

Платформаға келіп түскен мәліметтер бұдан әрі қылмыстарға қатысы бар адамдарды әмбебап юрисдикция шеңберіндегі процестерге тарту, қылмыстық жауаптылықтың халықаралық құқықтық тетігін құру, санцциялық тізімдерді жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Латушконың айтуынша, бұл мәліметтерді тергеу және прокуратура органдары Беларусьтегі билік ауысқаннан кейін «сот төрелігіне жәрдемдесу және әділ үкімдер шығару үшін» пайдаланатын болады.

Қылмыстарды тіркеудің бірыңғай кітабы арнайы қызметтердің деректерді бұзып алуынан қорғалған, серверлер Беларусь аумағында емес, дейді ойлап тапқандар.

Добавить комментарий