Мамин мен Мишустин телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Үкімет басшылары сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, ғарыш салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және ЕАЭО шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Сондай-ақ, телефон арқылы сөйлесу аясында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы бойынша бірлескен іс-қимыл бағдарламасы талқыланды.

“COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларға, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды”, — деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий