2020 жылғы 12 ақпанға арналған ауа райы болжамы: синоптиктердің болжамы

Қазгидромет синоптиктері 2021 жылғы 12 ақпанда, жұма күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуімен республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, сонымен бірге кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте — қар жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтанда -16 градус аяз, күн ашық болады.

Алматыда бұлтты, қар жаууы мүмкін, 4 градус нөлден жоғары.

Добавить комментарий