Қызды бөлісе алмады: Қарағандыда екі ер адам қыз үшін төбелесіп қалды

Қарағандыда екі ер адам әйел үшін төбелесіп қалды. Жанжалдың соңы пышақ жарақаты мен сот үкімімен аяқталды.

Хабарланғандай, өткен жылдың қазан айында танысының үйінде пышақ жаратын салған 27 жастағы жігіт сот алдына жауап берді.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, қылмыс өткен жылдың қазан айында болған. Ер адам қыздың үйіне келіп, олар үйде бірге тұратын ер адаммен бірге ішімдік ішкен. Отырыс кезінде азаматтық күйеуі әйелін қонақтан қызғанып, олар сөзге келіп, арты қанды төбелеске ұласады. Қонақ үстелден пышақты алып, қарсыласына бірнеше рет сұғып алған. Осыдан кейін ол суық қаруын тастап, қашып кетуге тырысқан. Біраздан соң ол істеген әрекетін түсініп, танысының пәтеріне келіп, полицияға ерікті түрде берілген.

Сотта айыпталушы қарсыласының соққысынан қорғанбақ болып, пышақ қолданғанын мәлімдеді. Қуанышқа орай, зардап шегуші аман қалды. Жәбірленуші жанжалдың не себепті шыққаны есінде еместігін және сотталушыға еш шағымы жоқ екенін атап өтті. Қарағанды Қазыбек би аудандық соты сотталушыны ҚР ҚК-нің 1-бабы 106-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды.

Добавить комментарий