Алматыда көшкін жүру қаупі бар

2-3 ақпанға арналған ауа райы болжамы туралы «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада, көшкін болу мүмкін екендігі туралы ақпарат айтылған.

«Қардың еруінен қар көшкіні жүруі қаупі бар болғандықтан, тік қарлы беткейлерге шықпауды ескертеміз. Тауда абай болыңыз», — деп ескертті алматылықтарды ТЖМ.

Мамандар қала тұрғындарына көшкін болған аудандарда мынадай ережелерді ұстануды ұсынады:

қар жауғанда және қолайсыз ауа райында тауға шықпаңыз; тауда жүргенде ауа райын қадағалаңыз;

тауға шығар алдында өз жолыңызда қар көшкіні болуы мүмкін жерді біліп шығыңыз.

Қар көшкіні көбінесе 30°-тан астам беткейлерде, егер беткей бұтасыз және ағашсыз болса — тіктеу 20°-тан астам беткейде болады.

45°-тан астам беткейде қар көшкіні қар жауған сайын болады.

Добавить комментарий