Өткен тәулікте елде коронавирустық инфекция диагнозы расталған 18 науқас қайтыс болды.
26 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 27 134 адам (15 467 КВИ+ және 11 667 КВИ-) ем қабылдауда, деп хабарлайды BaigeNews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оның ішінде 6 576 науқас стационарда, 20 558 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ+ және КВИ- шалдыққандардың арасында 285 науқастың жағдайы ауыр, 43 науқастың жағдайы аса ауыр дәрежеде, 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: COVID белгілері бар пневмонияға шалдыққандар — 47445, өлім-жітім жағдайлары — 558, емделіп шыққандар — 35220.
Елде індет басталғалы бері коронавирусқа және коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандардың тіркелген жағдайларының жалпы саны бойынша деректер келтірілмейді.