Халықаралық зерттеу мәліметі бойынша, Қазақстан ең төмен жалақы алатын елдердің қатарына кірді
Зерттеуге ең төменгі жалақы мөлшерін үкімет белгілеген 56 ел қатысты деп хабарланды. Кейбір елдерде ең төменгі еңбекақы салық салуға жатпайды (Филиппин, Гонконг). Алайда көптеген елде «таза» және «лас» жалақы арасындағы айырмашылық бір-екі пайыздан бірнеше ондаған пайызға дейін.
Рейтингте бірінші орынды Өзбекстан иеленді, онда ең төменгі жалақы 57 доллар (Қазақстан Ұлттық банкінің бағамы бойынша 23 883 теңге) деңгейін құрайды. Екінші орында 71 доллармен Нигерия (29 749 теңге). Үшінші орынға 88 доллармен (36 872 теңге) Қазақстан жайғасты. 56 ел ішінде ең жоғары көрсеткішке Люксембург ие болды, мұнда ең аз жалақы 2 241 долларды (938 973 теңге) құрайды.
Азық-түлік бағасының ең төменгі еңбекақыға ең тиімді арақатынасы Англия, Ирландия және Австралияда байқалды. Бұл елдерде азық-түлік себеті жергілікті ең төменгі еңбекақыдан 7-ден 7,6%-ге дейін құрайды.
Бұл рейтингте Әзірбайжан 45,9% нәтижесімен 56 елдің ішінде 46 орында, Армения (66,4%) 53 сатыда тұр.
Өзбекстан мен Нигерия сияқты елдерде ресми ең төменгі еңбекақымен ең қарапайым азық-түлік жиынтығын сатып алуға мүмкін емес.