Ұлттық қауіпсіздік комитеті электрондық мемлекеттік сатып алу порталына кибершабуыл бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
2020 жылдың мамыр айында жасалған кибер шабуыл goszakup.gov.kz сайтының жұмысын тоқтатты. Нәтижесінде жалпы сомасы 164 млрд теңгеге 7901 мемлекеттік сатып алуды ауыстыруға тура келді.
Сарыарқа аудандық соты сотталушыны екі жылға бас бостандығынан айырғаны белгілі болды.
«Мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде кейіннен артықшылықтар алу мақсатында мемлекеттік интернет-ресурсқа кибершабуыл жасаған ҚР азаматы анықталды. Тергеу және жүргізілген компьютерлік-техникалық сараптама нәтижесінде оның кінәсі толық дәлелденіп, қылмыс жасау құралдары тәркіленді», — деп хабарлады ҰҚК.
Сотталушы ҚР ҚК-ның 207-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу» бойынша кінәлі деп танылды.
Ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айырылды. Үкім заңды күшіне енді.