2021 жылғы 10 қаңтар күні Қазақстанда парламенттік сайлау өтті. Кейбіреулер үшін бұл күн нағыз қасіретке айналды. Өткен жексенбі күні 64 Орал тұрғыны көктайғақ салдарынан құлап жарақат алған.
Олардың көпшілігі сайлау пункттеріне бара жатып жолда жарақат алды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Облыстық көпсалалы аурухананың травматолог дәрігері Ерғалий Байқатовтың айтуынша, 9-10 қаңтарда оларға 64 адам түрлі жарақаттармен көмек алу үшін жүгінген.
«Осы саннан 7 науқас түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, негізінен жоғарғы және төменгі аяқтарының сынуы, қабырғаларының сынуы. Қазір олар тексеруден өтіп, жедел емдеуді күтуде. Барлығының жағдайы тұрақты. Қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олар амбулаториялық емделуге жіберілді», — деп атап өтті Облыстық көпсалалы аурухананың травматолог дәрігері
Ерғали Байқатов зардап шеккендердің көпшілігі сайлауға келе жатып, көктайғақта құлағандарын атап өтті.