Саясаттанушы сайлаушылардың аз келуі әкімдіктер үшін «қоңырау» деп атады

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев сайлаушылардың учаскелерге аз келуіне жергілікті жерлерде үгіт-насихат жұмыстарының жеткіліксіздігі, қатты аяз бен коронавирустық инфекцияға шалдығу қаупі себеп болды деп есептейді.

2021 жылғы парламенттік сайлауда сайлаушылардың келуі 63,3%-ды құрады. Саясаттанушы бұған дейінгі бірнеше сайлауға қарағанда бұл аз екенін айтты. Соңғы рет мұндай сандар 1999 жылы тіркелген. Саясаттанушының айтуынша, ең жоғары белсенділікті солтүстік және орталық өңірлерінде, сондай-ақ Алматы және Қызылорда облыстары, ең төменгісі — Алматы, Нұр-Сұлтан және батыс өңірлерінде байқалды.

«Елордада және батыста келушілердің аз болуының себебі неде? Мәселе бойкот әрекеттерінде емес, электораттың бір бөлігінде карантиндік шаралар мен экономикалық проблемалар аясында немқұрайдылық күшейіп, партиялар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарымен бәрін «тарта алмады» деп ойлаймын. Мегаполистердегі жағдай айтарлықтай күрделі. Қала билігінің жұмысы туралы ешкім оң пікір білдірмейді, және де сайлаушылардың аз келуі әкімдер үшін маңызды «қоңырау» болуы тиіс (тағы да нәтижелерге көз  шолайық)», — деп жазды ол әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Екінші жағынан, дейді саясаттанушы, процесс негізінен тиісті деңгейде ұйымдастырылды. «Айналдырып кіргізу», «тастай салу», заңсыз үгіт-насихат бойынша жанжалдар тіркелген жоқ. Трамптың аты жазылған бюллетеньнен бөлек, ешқандай арандатушылық тіркелген жоқ, дейді Әшімбаев.

«Наразылық акциялары бүкіл ел бойынша бірнеше ондаған адамды жинады, неге қарсы наразылық білдіргендері түсініксіз болды. Егер баламаның болмауына болса, онда өз партиясын құрып, сайлауға қатысуына кім кедергі жасады?»- деп атап өтті Данияр Әшімбаев.

Саясаттанушы көп ұзамай жариялануы тиіс сайлау қорытындысы өте қызықты болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Қазақстан парламентіне үш партия өтті- «Қоғамдық пікір» экзитполы

Бұған дейін ОСК Қазақстандағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына сайлаушылардың келуі 63,3%-ды құрады деп мәлімдеген болатын.

Ең белсенділері Солтүстік Қазақстан облысының сайлаушылары, ең төменгі көрсеткіш Алматыда болды.

Салыстыру үшін, 2016 жылда өткен парламенттік сайлауда соңғы мәлімет бойынша сайлаушылардың келуі 77,12% құрады.

10 қаңтар күні Қазақстанда парламент мәжілісі депутаттарының сайлауы өтті. Сайлау учаскелері дауыс беру үшін таңғы сағат жетіден бастап жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат сегізге дейін ашық болды.

Добавить комментарий