Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады – ҚР Үкіметінің Қаулысы
Қаулыға сәйкес, жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне лауазымдық жалақының 70% көлемінде қосымша ақы төленетін болады.
ҚР ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ. Қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Мұндай шешім ауыр және қауіпті жұмыс істейтін қызметкерлерді ынталандыруын арттыру мақсатында қабылданды.