Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина өндіріле бастады

Қарағанды фармацевтикалық кешені коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина өндіруді бастады. Фармацевтикалық кәсіпорында еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин болды.

Жоба Қазақстан мен Ресей президенттері қол жеткізген уағдаластық аясында жүзеге асырылуда.

Кешен базасында кезең-кезеңімен «Спутник V» вакцинасының екі миллион дозасы өндіріледі.

«Қазақстанда өндірілген «Спутник V»-мен жаппай вакцинациясы 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлері, педагогтар, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелер контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіп-қатер топтарының өкілдеріне екпе салынады», — деді Мамин.

Добавить комментарий