ҚР Президенті коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алды

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент Тоқаевтың бүгін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның екінші дозасын алғанын айтты. Ол өзін жақсы сезінеді, кестеге сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді, — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Добавить комментарий