Қарағанды әкімі жаңа қоныстанушыларды құттықтады. Мұғалімдер мен дәрігерлерге ипотекалық несиелендіру бағдарламасының шарттарына сәйкес сатып алатын пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Әкімдік Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырып, салтанатты іс-шара өткізуге шешім қабылдағаны хабарланды.
Құттықтауға «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры Айсұлтан Акчурин де қосылды.
Тұрғын үй сатып алу құқығымен 20 жылға дейін жалға беріледі. Бір бөлмелі пәтер үшін ай сайынғы төлем — 42 545, үш бөлмелі пәтер үшін — 89 007 теңгені құрайды. Пәтерлер Коммунистическая көшесі, 19/3 мекенжайындағы Майқұдық ауданының жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан. Қадамдық қолжетімділікте балабақша, мектеп, үлкен сауда орталығы, емхана және аялдама бар.
Кілттер мен ай сайын пәтерлің несиесін өтеу үшін қыруар қаржыны төлеу бақыты онкологтар, хирургтар, радиологтар, жедел жәрдем дәрігерлері сияқты күрделі мамандандырылған қарағандылық дәрігерлерге бұйырды. Қарағандылық онкодиспансердің радиолог дәрігері Варвара Соколоваға соңғы алты жыл бойы аурухана басшылығы түрлі тұрғын үй бағдарламалары бойынша бірнеше рет өтініш берген. Тек осы жылы оның жолы ашылды. Енді дәрігер жалдамалы пәтерде тұратын болады, ол несиені толық өтегеннен кейін пәтер оның меншігіне өтеді.
«Мен жұмыстан алыс емес жерде пәтер жалдап тұрып келдім, бағдарлама бойынша өткенімді естігенімде өте бақытты сезімде болдым», — деді ол.
Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтау сөзінде 2018 жылдан бастап облыс әкімдігі мен өңірлердің қолдауымен жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарлама іске асырылып жатқанын атап өтті.
«Алғаш рет Қарағандыда аталмыш бағыт аясында ҚИК пен Қарағанды облысы әкімдігі арасындағы келісімнің аясында 14 дәрігер отбасы қоныстанушыларға айналды, — деді қала басшысы. Аталмыш жұмыс келер жылы да жалғасатын болады».
ҚИК инвестициялық жобалар департаментінің директоры Айсұлтан Акшурин жаңа қоныстанушыларды құттықтай отырып, дәрігерлерді ерен еңбегі үшін, ал құрылысшылар мен әкімдікті үйді уақытылы тапсырғаны, пандемияға қарамастан, инженерлік желілерді сапалы тұрғызғаны, абаттандырғаны үшін алғыс айтты:
«Біздің компаниямыздың және жалпы мемлекеттің тұрғын үй саясатының басты міндеті – тұрғын үйді қолжетімді ету және қазақстандықтарға өз үйін алуға көмектесу. «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі — Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй.
Қазақстандық ипотекалық компания 5 жылдан астам уақыттан бері әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға пәтерлерді сатып алу құқығымен жалға беріп отыр. 20 жылдан кейін жалға алушы тұрғын үйді бастапқы жарнасыз және артық төлемсіз өз меншігіне ала алады.