Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев медициналық қызметкерлердің имиджін арттыру үшін үкіметке не істеу керектігін айтады.
Денсаулық сақтаудың кадр ресурстарын тиімді басқару — медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етудің негізгі элементі. Қазақстанда саланың кадрларға деген қажеттілігін болжау және кейіннен мамандарды даярлауды мемлекеттік жоспарлау үшін ДДСҰ қолдауымен Денсаулық сақтаудың кадр ресурстары обсерваториясы құрылды. Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының құрылымында орналасқан.
Қазақстанда 4 мыңнан астам дәрігер жетіспейді
Денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлар даярлауды мемлекеттік жоспарлау салаға болашақ мамандарды даярлауға арналған бюджет қаражатын ұтымды және негізді пайдалануға мүмкіндік береді. Кадрларды мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігі мен дұрыстығы ағымдағы кадрлық қамтамасыз ету және болашақ қажеттілік туралы объективті ақпараттың болуына тікелей байланысты.
Сөзсіз, қазақстандық денсаулық сақтау саласы мамандар мен мамандықтардың кең ауқымы бойынша білікті кадрларға мұқтаж. Бүгінде Қазақстанда дәрігерлік кадрлар тапшылығы 4 мыңнан астам маманды құрайды. Негізінен:
- анестезиолог-реаниматологтар;
- терапевт;
- жалпы практика дәрігері;
- акушер-гинеколог;
- лаборант дәрігерлер;
- инфекционист.
Сондай-ақ орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы байқалады — 8 583 медбике.
Кадрлар тапшылығының негізгі себебі — кадрлардың ауысуы, еңбекақы төлеу жүйесінің жетілмегендігі, уәждеменің нашарлығы, құқықтық қорғалмағандығы, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі. Мамандар медициналық ұйымдардан, саладан кәсіби өсу және одан әрі даму мүмкіндіктерінің болмауынан кетеді.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің миграциясы өңірлер бөлінісінде, сондай-ақ қала мен ауыл арасында дәрігерлер мен мейірбикелердің теңгерімсіздігіне алып келеді. ЖОО студенттері шағын қалалар мен ауылдарға баруға ұмтылмайды, үлкен қалаларда жұмыс іздейді. Дәрігерлер ауылдарда ұзақ уақытқа қалмайды, қалаға кетеді.
Мақаланың жалғасын мына жерден оқи аласыз.