Нұрлан Нығматулин: «Медициналық қызметкерлерге өтемақы бермеу — Денсаулық сақтау министрлігінің ойластырылмаған қадамдарының нәтижесі

Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында пандемия салдарынан зардап шеккен медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу жағдайы Денсаулық сақтау министрлігінің ойластырылмаған қадамдарының нәтижесі деп мәлімдеді.

Мәжіліс спикері 22 қыркүйектегі жағдай бойынша індетке шалдыққан медицина қызметкерлерінің жалпы санының 14%-дан сәл астамы және қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларының 13%-ға жетер-жетпесі төлемдерді алғанын атап өтті.

«Коронавирустың пандемиясы кезінде, ең алдымен, мемлекеттік аппараттың шешімдері өте жедел, кәсіби болуы тиіс. Бірақ, біздің бүгінгі күні барлық ауырған дәрігерлер мен коронавирустан қаза тапқан дәрігерлердің отбасыларына өтемақы төлемей отырғанымыз — ойластырылмаған қадамдарының нәтижесі, әлеуметтік бөлім министрліктерінің нақты өзара іс-қимылының жоқтығы», — деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ақпаратын тыңдап болған соң, мәжіліс спикері оны «сандарды сапыру» деп атады. Ведомство ұсынған статистикаға сәйкес, Еңбек министрлігіне дәрігерлер 4 064 өтініш берген. Сонымен қатар, кәсіби қызметін атқару кезінде 8 333 дәрігер, барлығы 12 830 медицина қызметкері коронавирустық инфекциясына шалдыққан.

«Бірақ сіз осы 4064-ті фракция отырысына келетініңізді білген соң жасадыңыз. Егер алты ай ішінде 2475 өтінім берілсе, санаулы күндер ішінде 1589 өтінім берілді. Яғни, берілген өтінімдер саны 1,6 есеге артты. Ал өтемақы төленгендердің саны екі есеге жуық артты. 6 ай бойы дертке шалдыққан барлығы 1 830 дәрігер өтемақыға ие болса, ал соңғы біраз күнде 1 665 дәрігерге төлемақы беріп үлгерген. Қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлеу бойынша да жағдай осындай”, — деді мәжіліс спикері денсаулық сақтау министріне.

Ол атап өткендей, COVID-19-дан зардап шеккен және қайтыс болған медицина қызметкерлерінің көпшілігі өңірлік комиссиялардан растама алмады және жәрдемақы берудің шамадан тыс бюрократтандырылуына байланысты өтінімдер қатарына кірмеді. Оларды алу үшін науқастардың немесе қайтыс болғандардың жақындарының өтініштеріне бес жыл бұрын бекітілген жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы қоса берілуі тиіс.

«Сіз қазіргі жағдайдың талаптарына мүлдем жауап бермейтін 2015 жылғы бұйрықты ойланбастан көшіріп алып, жағдайды өте күрделендіргеніңізді түсінесіз бе? Жергілікті жерлердегі өңірлік комиссиялар тиімді жұмыс істей алмайды, себебі оларға құжаттар топтамасын қарастыру керек. Адамдар ауруға шалдыққан соң, нақты қалпына келмей жүріп, 43 қосымшаны жинауы керек. Бұл рәсімді жеңілдету керек еді. Мұны бұрын жасауға не кедергі болды? Осымен ресми түрде айналысқансыздар», — деді Нұрлан Нығматулин.

Оның пікірінше, өтемақы тағайындайтын өңірлік комиссиялардың жұмысы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия тарапынан тиісті бақылау алмаған.

«МАБ тарапынан, үкімет тарапынан бақылаудың болмауы өңірлік комиссиялардың жұмысына, жалпы өтемақы төлеу бойынша өкінші жағдайға алып келді», — деп атап өтті мәжіліс төрағасы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа.

Нұрлан Нығматулин тек бес өңірде ғана комиссия құрылғанын атап өтті. Ал коронавирустық инфекция мен вирустық пневмонияның ең ауыр жағдайы болған Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тамыз айында ғана қолға алынған.

«Вице-премьерден бастап, министрліктердегі әрбір қызметкерге дейін осындай маңызды мәселелердің шешілуіне байланысты болғандардың барлығы әр санның артында нақты бір адам тұрғанын түсінуі тиіс, ол қиын жағдайда жұмыс істеп, қиындықтарды бастан өткерген, ал кейбіреулері жақындарынан айрылып, қайғыға ұшыраған нақты отбасы тұр. Ал енді олар табалдырық тоздырып, өзіне тиесілі ақшаны алу үшін көптеген қағаздарды толтыру рәсімдерінен өтуге мәжбүр! Бұл тіпті, қарапайым адами көзқараспен қарағанның өзінде, дұрыс қадам емес», — деп түйіндеді сөзін Нұрлан Нығматулин.

Добавить комментарий