Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 712 жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Павлодар облысында — 106, Шығыс Қазақстан облысында — 100, Қостанай облысында — 77, Солтүстік Қазақстан облысында — 68, Алматы мен елордада — 67, Ақмола облысында — 60, Батыс Қазақстан облысында — 43, Атырау облысында — 29, Қарағанды облысында — 28, Алматы облысында — 28, Жамбыл облысында — 16, Ақтөбе облысында — 10, Маңғыстау облысында — 5, Түркістан облысында — 4, Шымкент облысында — 2, Қызылорда облысында — 2 жаңа жағдай.
13 наурыздан бастап елімізде 136 983 жұқтыру жағдайы расталды. Осы уақытқа дейін 120 799 адам емделіп шықты.