Денсаулық сақтау министрлігі тағы да COVID-19-ға қатысты жағымсыз болжам жасайды

Қазақстанның реформаланған денсаулық сақтау жүйесі Қазақстанда коронавирус індетін еңсере алмай отыр. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі жағымсыз болжам жасап отыр.

Оптимистік сценарийдің кезінде қараша айында орташа тәуліктің тіркелетін жағдайлар саны 1500-ге жетеді. Нақты сценарий бойынша — 1650, пессимистік сценарий бойынша — 1800 жағдай тіркеледі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметінше, желтоқсан айында 1,1 мың (оптимистік), 1,6 мың (нақты), 2350 (пессимистік) жағдай, қаңтар айында — 650, бір жарым мың және үш мың жағдай тіркеледі деп болжанады.

Соңғы күндері елімізде тәулігіне шамамен 1,3-1,5 мың жағдайы тіркеліп жатыр. Шілде-тамыз айларында індет ушыққанда тіркелген пациенттердің саны күніне жеті мыңнан асатын. Сол кезде билік індеттің өршуін коронавирустың жұқпалы дельт-нұсқасының таралуымен байланыстырды. Індетке шалдыққандар азайғанына қарамастан, елімізде адам өлімі көрсеткіші әлі де жоғары.

25 қазанда ПТР-тесттің оң нәтижесі бар коронавирустық инфекцияның 1353 жағдайы тіркелді. Күні кеше ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар 10 пациентке «ковидтік пневмония» диагнозы қойылды.

Былтыр наурыз айында пандемия басталғалы бері Қазақстанда COVID-19 коронавирустық инфекция мен «пневмонияға» бір миллионнан астам адам (есеп 2020 жылдың тамызынан бастап жүргізіледі) шалдықты.

Эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары аймақта «қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Бүгін елордамыз Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық қауіптілігі орташа «сары» аймаққа кірді. Сары аймақта Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Басқа өңірлер — «жасыл» аймақта орналасқан.

Добавить комментарий