Қазақстанда автокөлік бағасы өседі деп күтілуде

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы қараша айындағы жағдай бойынша 468 млрд теңгеге автомобильдерді сатып алу-сату шарты бойынша мәмілелер жасалған.

«ҚазАвтоПром» Қазақстанның автокөлік саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше, қазақстандықтар 2020 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жалпы сомасы 70 млрд теңгеден асатын 633 мың жеңіл автокөлік сатып алған. Бір сатып алудың орташа құны — 10,5 млн теңге. 2019 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16,3%-ға өсті.

«2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша сатып алушылардың 31,7%-ы 5 млн теңгеден аспайтын көліктерді таңдады. Бір жыл бұрын бұл сегмент нарықтың 27,3%-ын аоып тұрған. 5-7 млн теңге аралығында 22,4% техника (15 824 машина) сатылды. Сегменттің үлесі 2,5%-ға өсті. Сатып алушылардың 15%-ы 7 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейінгі (10 585) автокөліктерді таңдады. Олардың үлесі де 0,3%-ға өсті «, — деп хабарлады «ҚазАвтоПром» АҚ.

Қазақстандық өндірістің автомобильдері импортталғандардан әлдеқайда қолжетімді. Отандық көліктің орташа бағасы 7,6 млн теңгені, шетелдік көліктің — 13,7 млн теңгені құрайды. «ҚазАвтоПром» нарықтағы автокөлік тапшылығы құнның өсуіне негізгі себеп болды деп мәлімдейді. Бұған ШҚО-да «АЗИЯ АВТО» автозауытының жұмысы тоқтауынан туындап отыр.

«Жыл басынан бері автокөліктің орташа құны рекордтық 16%-ға өсті. Бағаның өсуінің негізгі себебі ірі автоқұрастыру кәсіпорны — «АЗИЯ АВТО» зауытының жұмысы тоқтауы болды. Оның конвейері ең арзан автомобильдердің жеткізушісі болып табылады — бағасы бес миллион теңгеге дейін. Бұл сегментке сатып алушылардың 32%-ы тиесілі.

Қалыптасқан тапшылық бағаның өсуінің жеделдеуіне түрткі болды. «АЗИЯ АВТО» жұмысы бейінді министрлік пен кәсіпорын арасындағы келісім бұзылғаннан кейін тоқтатылды. Нәтижесінде нарықтық бәсекелестік деңгейінің төмендеуі болды. Саланың жетекші кәсіпорнының қызметін қатыру алдағы уақытта одан да қарқынды өсуге әкеп соғады», — деп мәлімдеді «ҚазАвтоПром» стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.

Добавить комментарий