Оңтүстік Корея мен Қазақстанның СІМ басшылары COVID-19 қарсы бірлескен күресті қолдады

Оңтүстік Корея коронавируспен күресте Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты жалғастырады. Бұл туралы СІМ басшылары Сеулде келісті.

Қазақстанның атынан министр Мұхтар Тілеуберді қатысты. Форумда ол тек дипломатиялық мәселелерді ғана айтқан жоқ.

Корея-Орталық Азия ынтымақтастығының 13-форумының негізгі тақырыбы коронавируспен күрес болды. COVID-19 салдарынан іс-шараға қатысушылар саны 50-ге дейін қысқартылды. Әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталынды. Кореяда пандемиямен табысты күресіп жатқанына қарамастан, бүгінде елде коронавирусты жұқтырудың 372 жағдайы тіркелді.

Форумды ұйымдастырушы ел — Корея Орталық Азия елдерінің өкілдеріне әлеуметтік қашықтықтың үлгісін көрсетті. Залдағы орындықтардың арасы бір метрден кем болған жоқ. Қатысушылардың арасы пластмасса қабырғалар бөледі. Әр спикерден кейін микрофон зарарсыздандырылады.

«Қазақстан да COVID-19-ға қарсы күресте табысқа жетті. Бізде вакцина жасалды», — деді министр Мұхтар Тілеуберді. Оның қай елден келгенін бетперде арқылы білуге болады.

Мұхтар Тілеуберді, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі:

— «Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина ДДСҰ тізіміне енгізілді және клиникалық сынақтардан сәтті өтіп жатыр. Осы формат шеңберіндегі ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты медицина қызметкерлерін қорғау болуы мүмкін. Қабылданған шаралардың тиімділігінің арқасында Кореяда жұқтырылған медицина қызметкерлерінің саны 2%-ды құрады. Ал әлем бойынша бұл көрсеткіш орташа есеппен 10%-ды құрайды. Форумды ұйымдастырушыларды коронавирус мәселесі ғана алаңдатып отырған жоқ. Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Орталық Азиядағы әріптестерінен Солтүстік Кореямен татуласуға көмектесуін сұрады. АҚШ-та билікке келген Байден Сеул мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынас нашарлап кете ме деп алаңдайды».

Кан Ген Хва, Корея Республикасының Сыртқы істер министрі:

— Біз екі Корея арасындағы және Солтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының өткізген саммиттерінің жетістіктерін жоққа шығара алмаймыз. Түбектің айналасында түрлі сенімсіздіктер болғанымен, біз алға қадам жасау үшін диалог бойынша күш-жігерімізді тоқтатпауымыз керек. Корей түбегіндегі бейбітшілік пен өркендеу — бұл бүкіл Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен жалпы өркендеудің жолы. Мен Орталық Азия елдерінен осы бағытта әрі қарай да қолдау көрсетуді және ынтымақтастықты жалғастыруды сұраймын. Форум аясында Оңтүстік Кореялық мамандардың Орталық Азиядағы әріптестерімен онлайн семинарлары өтті. Диалогтардың тақырыптары коронавируспен байланысты — денсаулық сақтау, стандарттау, қашықтықтан білім беру және қоршаған орта тақырыптары болды. Тараптар одан әрі тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті. Пандемия жағдайында да қазақстандық дәрігерлер Кореяға біліктілігін арттыру үшін баратын болады».

Добавить комментарий