Еуропалық депутаттар Ресейге қатысты түбегейлі қадамдарды қарастырып, ресейлік сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін импорттауға толық тыйым салынатынын растады. Олар Еуроодақ ресейлік отынның ең ірі тұтынушысы болып қала беретініне алаңдаушылық білдіріп отыр.
Бұл туралы DW басылымы хабарлады.
Депутаттар Еуроодақ пен G7-ні бірлесіп Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерінің бағасын айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ Ресей мұнайын пайдаланатын елдерден отын мен басқа да мұнай өнімдерінің импортына шектеу қоюға шақырады.
Сонымен қатар, парламентшілер ЕО аумағы арқылы Ресейден шығатын мұнай мен СТГ транзитіне тыйым салуды ұсынды.
9 қарашада қабылданған резолюцияда ресейлік алюминий, алмас және ядролық отынға эмбарго жарияланғаны айтылған. Депутаттар санкцияларды айналып өту Ресейдің әскери қылмыстарына қатысу ретінде қарастыруды ұсынып отыр.