Nur Otan іс-шара өткізіп, оның барысында ішкі партиялық сайлау қорытындылары талқыланды. Әдеттегі сайлауалды рәсімнен жалпықазақстандық маңызы бар қоғамдық-саяси іс-шара жасауға тырысты.
Барлық өңірлердің, қалалар мен аудандардың әкімдері, Nur Otan филиалдарының төрағалары партияішілік іріктеу қорытындыларын талқылау және құрмет грамоталарын табыстау үшін праймеризге қатысушылармен кездесті. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.
Ол, өз кезегінде, 150-ден астам белгілі саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен журналистерді біріктірген Nur Otan партиясының жақтаушылар лигасымен кездесуінде белсенділерге ішкі партиялық сайлауды ұйымдастыру үдерісін бақылауда, олардың ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуде баға жетпес қолдауы үшін алғыс айтты.
«Праймериздердің бірінші кезеңінің қорытындыларын егжей-тегжейлі талқыладық. Жақтаушылар лигасының пікірінше, Nur Otan праймеризі еліміздің маңызды қоғамдық-саяси оқиғасына айналды. Бір айдың ішінде үміткерлер бір жарым миллионға жуық адамды қамтып, пікірталаста бір-бірімен бәсекелесті, идеялар мен жобаларды таныстырды, ел мен қоғам үшін маңызды мәселелер бойынша ашық пікір білдірді, кәсіби, тұлғалық және саяси дағдыларын жетілдірді», — деді ол.
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары үргізілген талдауларға сәйкес, тіркелген 10 073 кандидаттың ішінде праймеризге барлық деңгейдегі мәслихаттардың 1410 қызметтегі депутаты қатысқанын атап өтті. Олардың 213-і партияішілік іріктеудің бірінші кезеңінен өте алмаған. Яғни праймеризден мәслихаттардың қызметтегі депутаттарының үштен бірі ғана өтті.