Сарапшылар РФ Президенті Владимир Путиннің сөзіне сүйене отырып, ол басқаратын ел ядролық қарудың арқасында ғана қуатты болып отыр деген қорытындыға келді.
«Ресей Президенті Владимир Путин Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс қимылдарын бастағаннан бері ол Ресейдің қуатты екенін жиі айтып келді. Сондай-ақ РФ Президенті Батыс Ресей Федерациясының ұлылығын көре алмайтынын және елді кез келген жолмен әлсіретуге барын салып отырғанын алға тартуда. Айта кету керек, Путин жиі ядролық қарумен қоқан-лоқы жасап келді, бұл Ресейдің тек ядролық мемлекет екенін көрсетеді», — деп жазады сарапшылар.
Күні кеше журналистердің бірі Ресейдің ұлылығы туралы сұрағына Путин РФ-ның ұлылығы қазіргі таңда елдің егемендігін нығайту, ал егемендігі технология, қауіпсіздік, қаржы, жалпы экономика, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы өзін-өзі қамтамасыз етумен негізделген деп жауап берді. «Путиннің мұндай жауабы орынсыз, себебі Ресей президентінің соңғы бір жарым жыл ішіндегі әрекеттері мен қабылдаған шешімдеріне қайшы келеді, — деп есептейді батыстық саясаттанушылар. — РФ Президенті Ресей армиясымен Украина аумағына баса көктеп кіріп, елдің егемендігін қалайша нығайтпақ болған? Ресей Украинаға шабуыл жасаған соң, мұнай мен газ сияқты табиғи ресурстардан басқасынан өзін-өзі қамтамасыз ете алмады десек болады».

Саясаттанушылар Ресейде болып жатқан оқиғаларға түсініктеме бере отырып, мемлекет басшылығының әрекетіндегі қайшылықтарды айтты
Олардың позициясын негіздеу үшін мамандар санкцияларды келтіреді. «Батыс салған санкцияларға байланысты Ресей технологияларға қол жеткізе алмауда. Әрине, санкциялар толықтай тығырыққа тіреген жоқ, Мәскеуге Қытай, Түркия, Қазақстан және т.б. үшінші мемлекеттер арқылы өздеріне керек технология жеткізіліп жатыр. Бірақ сарапшылардың айтуынша, біріншіден, әскери және экономикалық қажеттіліктерін жабу үшін толық көлемде жеткізіліп жатқан жоқ. Екіншіден, технологиялардың бір бөлігі Ресей нарығы үшін қолжетімсіз. Үшіншіден, РФ-ның үшінші елдер арқылы транзитпен жеткізу қымбатқа түсіп отыр.
Ресей экономикасы да зардап шегіп отырғаны жасырын емес. Күрт валюталық ауытқу, инфляцияның өсуі және т.б. Мәселен, өткен айда Ресей рублі арзандап, әлемдегі ең құнсыз үш валютаның қатарына енді. Айта кетейік, «Газпром» алпауыт компаниясы пандемиядан бері алғаш рет және соңғы ширек ғасырда екінші рет шығынға батты. Ресей 2024 жылы әскери шығындарын 68%-ға арттырмақ. Соғысқа бюджет қаражаты көп жұмсалған сайын білім беру, әлеуметтік мұқтаждықтарға және т.б. салаға аз қаржы бөлінеді. Бұл ретте Батыс РФ-ға санкциялар салуды жалғастырады, бұл ел экономикасына одан да көп зиян келтіреді», — деп жазады саясаттанушылар.

Саясаттанушылар Ресейде болып жатқан оқиғаларға түсініктеме бере отырып, мемлекет басшылығының әрекетіндегі қайшылықтарды айтты
Олардың пікірінше, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі туралы сөз болып отырған жоқ. Соғыс қимылдары басталғанда ресейліктер соғыс оларға әсер етпейді деп есептеген, ал қазір жағдай өзгерді. «Күн сайын соғыс аймағындағы ресейлік қалалар ұшқышсыз басқарылатын ұшақтардың шабуылына ұшырап жатыр. Ресей шекарасына шабуыл жасап жатқан жауынгерлік дрондар мен диверсиялық-барлау топтары ресейліктерге қауіп төндіруде», — деп жазады батыстық мамандар РФ аумағында болып жатқан оқиғаларға Путин кінәлі екенін түсіндіре отырып.
«Путин мемлекет үшін де, ресейліктер үшін проблемаларды өз қолымен жасады, бірақ соған қарамастан ол Ресейдің ұлылығы, оның экономикасы және ресейліктердің қауіпсіздігі туралы популистік мәлімдеме жасауда», — деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.