Астанада Республика күнін мерекелеу аясында сенбілік өтеді

Астаналықтар мен бүкіл ел тұрғындарын 21 қазанда Қарасу өзенінің оң жағалауындағы Қызылсуат ауылында Республика күнін мерекелеу аясында өтетін «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясына қатысуға шақырады. Экологиялық акция сағат 10:00 басталады.

Акция аясында ағаш көшеттерін отырғызу да ұйымдастырылады. Бұл іс-шараға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті табиғат жанашырлары мен студенттері қатысады.

Акция аясында Министрлік салтанатты түрде аумақтық экология департаменттеріне 11 автокөлік тапсыруды жоспарлауда. Бұл инспекторлардың ұтқырлығын күшейтуге және уақтылы экологиялық заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий