Ресейде әскерден қашқандарды соттау жоспарланып отыр. Әңгіме ұрыс қимылдары кезінде жау жағына өткендер жайлы болып отыр. Олар мемлекетке опасыздық жасау бабы бойынша жауапқа тартылатыны хабарланды.
Ресей президенті Владимир Путин әскери іс-қимылдар жағдайында жау жағына өту мемлекетке опасыздық жасаумен теңестіретін федералдық заңға қол қойды.
Ресей азаматтары Ресей мүдделеріне қайшы келетін мақсатта шет мемлекеттің аумағында қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына қатысқаны үшін қылмыстық қудалауға жатады. Осы бап бойынша ең ауыр жаза — 20 жылға бас бостандығынан айыру.
Бұған дейін, 2022 жылғы наурызда Владимир Путин Ресейге қарсы санкция салуға шақырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңға қол қойған болатын. Мұндай әрекеттер үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.