ТМД мен ҰҚШҰ-ға мүше елдеріне арналған тұзақ

Путин Ресей экономикасы тұрақты даму үстінде деп мәлімдемегеніне қарамастан, дағдарысқа ұшырауы мүмкін, себебі соғысқа жұмсалып жатқан шығын өсуде, ал Кремльдің жаңа басшысын сайлауға аз уақыт қалды. Жеке инвестициялар мен тұтынуды қоса алғанда, ресейлік жеке сұраныс төмендеп барады. Ресейден энергетикалық емес импорт 60%-ға қысқарды, оның үстіне темір мен болат, бағалы металдар мен ағаш саудасы айтарлықтай қысқарды. 2023 жылдың бірінші тоқсанында энергетикалық емес тауарлар импортының 75%-дан астамға төмендеді, ал энергетикалық тауарлар бойынша бұдан да көп — 80%-ға азайды. Тек әскери іс-қимылдарға байланысты мемлекеттік шығыстар, яғни қорғанысқа бөлінетін шығыстар өсіп барады.

Бүгінде Ресей өркениетті әлемнен оқшауланған. Кем дегенде 140 ел — БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі — БҰҰ Бас Ассамблеясында Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдап және Путиннің Украина аумағын заңсыз аннексиялау әрекеттерін құптамай, Ресейдің агрессиясы мен жауыздығын айыптап бірнеше рет дауыс берді. Батыс және Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік үкіметтері Ресейді БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен, Халықаралық азаматтық авиация ұйымынан және тағы басқа ұйымдардан шығаруды жақтап дауыс берді. Ресейлік кандидаттар бірінен соң бірі халықаралық институттардағы маңызды лауазымдарда – ЮНИСЕФ басқармасына және БҰҰ-ның ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (ITU) жауапты агенттігіндегі басшылық қызметтеріндегі сайлауда жеңілді.

Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақ, Украина және көптеген елдер салған санкциялар мен экспорттық бақылау Ресей әскери машина және қорғаныс экспортына елеулі зиян келтіріп, бірнеше жылға артқа қалдырды. Ресейдің қорғаныс саласындағы серіктестері мен тапсырыс берушілері қосалқы бөлшектерді былай қойғанда, уәде етілген тапсырыстар жеткізілетінін сенім артпаса болады. Олар Ресейдің соғыс алаңындағы жеңілістерін көріп отырғандықтан, жұмыс істеуден жиі бас тартып жатады.

АӘО басталғалы бір жарым жыл ішінде рубль тұрақты түрде құлдырады, бірнеше рет антирекорд жасады. Ал санкциялардың алынып тасталуы екіталай. Сәйкесінше, олар инерция бойынша РФ сауда серіктестеріне кері әсерін тигізеді. Рубльдің девальвациясы еңбек мигранттарының табысына әсер етеді, олардың ішінде түрікмендер, өзбектер, армяндар, белорустар бар. Ресейде олардың еңбекақысы рубльмен төленетіндіктен, олардың табысы отанындағы жалақымен бірдей болып отыр.

Соңғы орын алған оқиғалар Арменияның ресейлік ықпалынан шығып, батысқа бет бұрғанын көрсетеді. Арменияда стратегиялық бетбұрыс болды. 200 жыл ішінде алғаш рет ел саяси бағытын өзгертіп, Ресейдің колониясынан шықты. Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның қауіпсіздік саласындағы тек бір ғана елге, атап айтқанда Ресейге тәуелділігі «стратегиялық қателік» болды деп санайды. Армениядан кейін Қазақстан да Ресейден алшақтап, АҚШ пен Батысқа қарай бағыт алды. Осылайша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев уәде еткендей, Қазақстан тарапы Ресейге қарсы салынған санкцияларды сақтайды. Әрине, Қазақстан Ресейдің уысында болғысы келмейді (Беларусь секілді), керісінше көпвекторлы саясат жүргізіп келеді.

Бүгінде Ресей Федерациясы әлемдегі ең көп санкцияға ұшыраған ел және дәл қазір санкциялар өркениетті әлемнің агрессор елге ықпал етудің ең пәрменді құралы болып табылады. РФ-ға қарсы санкциялар қатаңдатылды. Олардың әрекеті Ресей экономикасы мен өнеркәсібін біртіндеп, бірақ үздіксіз құрдымға жіберуде. Ресейдің Солтүстік Кореяға айналуы уақыттың еншісінде. РФ-ға қарсы салынған санкциялардың әсері Ресеймен сауда-саттықты жалғастыратын елдерге де ықпал ете бастайды, Ресей ұшырған экономикалық дағдарыстан кез келген жолмен алшақ болу тиіс. Сәйкесінше, ел құрдымға кеткеннен кейін, ол өзінің барлық одақтастарын өзімен ала кетеді.

2022 жылдан бастап Ресеймен қарым-қатынас орнату басқа елдер үшін қауіпті болды. Путин болса батысқа қарсы блок қалыптастыруда. Бұл Кремльдің посткеңестік елдерді тұзаққа түсіруге бағытталған кезекті миф. Бірақ Украинадағы соғыс Батыстың экономикалық және технологиялық артықшылығын анық көрсетті. Егер Путин инвестицияны қару мен соғысқа емес, технологиялар мен инновацияларға салған болса, қазір Ресей экономикасы қуатты болар еді.

Добавить комментарий