Анкара билігі жексенбі күні болған текрактіні соңғы жылдары орын алған алғашқы лаңкестік шабуыл деп жариялады. Күрдістан Жұмысшы партиясы (КЖП) осы шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.
Теракті туралы ақпаратты КЖП-ға жақын ANF News сайтында жариялады Өздерін «Өлмейтіндер батальоны» деп атайтын топ шабуылды парламенттің ашылуына орайластырған. КЖП мәлімдемесінде жарылысты жанкешті жасағанын және «Өлмейтіндер батальонына байланысты топ» жүзеге асырғаны расталған.
Күрдістан Жұмысшы партиясы Түркия, Құрама Штаттар және Еуропалық Одақ сияқты бірнеше елде лаңкестік ұйым деп танылған. Бұл топ Түркияның оңтүстік-шығысында 1984 жылы ұрыс қимылдарын бастаған және қақтығыс кезінде 40 мыңнан астам адам қаза тапты.