Белгород облысында өрт болды: оқ-дәрілер сақталған қойма жанып кетті


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-36923-1660905210-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Валуй қалалық округінің Тимоново ауылында оқ-дәрілер қоймасында өрт шыққанын хабарлады.

«Валуй қалалық округінің Тимоново ауылында оқ-дәрі сақталған қойма өртенді. Соңғы мәліметтер бойынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Округ басшысы Тимоново және Солоти ауылдарының тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарады. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр, өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деп жазды аймақ басшысы бейсенбі күні телеграм-арнасында.

Бұған дейін 27 сәуірде Белгород облысы Белгород ауданында орналасқан Старая Нелидовка ауылында оқ-дәрілер қоймасы жанып жатқаны хабарланған болатын. Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ тұрғын үйлер мен ғимараттар бүлінбеген.

24 ақпаннан бастап Белгород облысы маңындағы шекаралас аумақтардар Украина тарапынан бірнеше рет атқылауға ұшырады. Бейбіт халық арасында құрбан болғандар мен жараланғандар бар. Осыған байланысты өңірде террористік қауіптің «сары» (жоғары) деңгейі белгіленді.

Добавить комментарий