Ресейдің Украинаға қарсы соғысы

Ресейлік БАҚ тиісті мазмұндағы мақалаларды жариялай отырып, сарбаздардың әрекеттерін белсенді қолдап отырады. «Кремль пропагандасы ресейліктерді Украина халқының басым бөлігі «нацизмнің сыбайластары», «пассивті нацистер» және т.б. деп сендіріп, ресейлік әскерилер физикалық тұрғыдан олардың көзін жоюға міндетті екенін айтуда», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Ал Украина билігінің өкілдері ресейлік оккупанттар украиндықтарға қатысты нағыз геноцид жасап жатқанын мәлімдеді. «Сарапшылар, аналитиктер, ғалымдар Украина билігінің мәлімдемесімен келісіп, Ресейдің украиндықтарға қатысты геноцид жасап жатқандығы туралы дәлелдер барын айтып отыр.

Әрине, РФ-ның пропагандисттік БАҚ-тары ел азаматтарына мүлдем басқа ақпарат беруде. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында ел әскері тек «нацистер» мен «неонацистердің» ғана көзін жойып жатқанын, ал бейбіт тұрғындарға тиісіп жатпағанын алға тартуда. Қазіргі таңда Ресей әскері жаулап алынған аумақтарда бейбіт халыққа қатысты резонанстық қылмыс жасап жатпаған болар, бірақ нақтысы Украина армиясы осы аумақтарды қайтарып алғаннан кейін ғана белгілі болады. Дегенмен РФ әскерінің бейбіт азаматтарға қарсы соғыс жүргізіп жатқаны анық», — деп жазады сарапшылар.

Фото: Сарапшылар Украина аумағындағы соғыс Украина халқына қарсы бағытталғанын айтты

Мысал ретінде олар материалдарда жарияланған видеоларды келтіреді. «Мәселен, интернет желісінде Ресей әскерлері басып алған аумақтарда тұратын украин азаматтарын Украина аумағына күштеп шығарып жатқаны көрінетін көптеген видеолар жарияланды. Оккупанттардың айтуынша, олар «сенімсіз» украиндықтарды, яғни Ресей азаматтығын қабылдаудан бас тартқан немесе оккупациялық билікті қолдамайтындарды ел аумағынан шығаруда. Айта кету керек басқыншылар қаңырап бос қалған пәтерлерге коллаборанттарды немесе гастролерлерді орналастырып жатыр. Оккупанттар жергілікті тұрғындардың пәтерлерін заңсыз мемлекет меншігіне алып, содан кейін коллаборанттардың «меншік құқығын» беріп жатыр.

Фото: Сарапшылар Украина аумағындағы соғыс Украина халқына қарсы бағытталғанын айтты

Ал шын мәнінде мүлдем басқа жағдай орын алуда, украиналықтарды Ресей Федерациясына күштеп жер аударып жатыр. Жер аударылған украиндықтарды Ресейдің ең шалғай және депрессивті аймақтарына — Сібір, Қиыр Шығыс, Солтүстік Кавказ, Шешенстан, Сахалинге жіберуде. Олардан құжаттарын, жеке заттарын, байланыс құралдарын тартып алады. Сонымен қатар, екі жыл бойы Ресей өңірлерінен кетуге тыйым салатын құжаттар беріледі», — деп жазады батыстық сарапшылар. Херсон облысы Лазурное кентіне ресейліктердің тағайындаған Александр Дудка Ресей паспортын алмағандардың құқықтары мен бостандықтары тапталады деп мәлімдеді. Дудка ресейлік төлқұжаты жоқ азаматтар ресейлік Денсаулық сақтау министрлігінен тегін дәрі-дәрмек ала алмайтынын айтты. Сонымен қатар, сарапшылар шығыс Украина аумағынан Ресейге шамамен 20 мың бала әкелінгенін айтты. «Көріп отырғанымыздай, РФ Украинаның бейбіт тұрғындарына қарсы мақсатты және әдістемелік түрде соғыс қимылдарын жүргізуде», — деп қорытындылайды батыстық сарапшылар.

Добавить комментарий