Алматы студенттер үшін ыңғайлы қалалардың 76 орынды иеленді

Алматы 2021 жылы студенттер үшін әлемнің үздік 100 қаласының қатарына енді. Studee британдық консалтинг компаниясының дерегінше, Қазақстанның оңтүстік астанасы әлемдегі қалалардың ішінде 76-орынды иеленді.

Зерттеу жұмысының нәтижесі Studee ресми порталында жарияланды. Зерттеу авторлары тұрғын үйді жалға алу құны, интернет жылдамдығы, жастардың жалпы санының пайызы, жоғары оқу орындарының саны, азық-түлік сапасы, қауіпсіздік деңгейі және сөз бостандығы сияқты факторларға сүйенді. Студенттер үшін үздік 100 қаланың алғашқы ондығында:

Токио, Жапония.

Мельбурн, Австралия.

Сеул, Оңтүстік Корея.

Квебек, Канада.

Аделаида, Австралия.

Монреаль, Канада.

Перт, Австралия

АҚШ Хьюстон

Брисбен, Австралия.

Пистолбург, АҚШ.

Алматы рейтингте 76-шы орында, 6 балдан 4,27-ін жинады. Бұл ретте Қазақстанның оңтүстік астанасы Варшава, Бангкок, Стокгольм және Бейжіңді басып озды.

Добавить комментарий