Шымкентте Kausar Travel директоры жәбірленкшілерді 255 млн теңгеге алдағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкенттегі Kausar Travel туристік фирмасының директоры 6 жылға бас бостандығынан айырылып, туризм саласындағы қызметпен айналысуға 5 жылға тыйым салынды. Оған қатысты аса ірі көлемде жасалған алаяқтық жасады деп тағылған айып бойынша осындай үкім шығарылды.

М. есімді сотталушы 2022 жылдың қазан айы мен 2023 жылдың қаңтар айы аралығында ақпараттық жүйе – «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы 245 жәбірленушіні Сауд Арабиясы Корольдігіне «Ұмра» қажылығына бару үшін туристік жолдамаларды рәсімдеп беремін деп алдап айтып, олардың жалпы 255 млн. астам теңге қаражатын иемденген.

Сот үкім шығару кезінде М. есімді сотталушының істеген іс-әрекетінің ауырлығын сезінбегенін, өкініш білдірмегенін, қылмыспен келтірілген материалдық залалдың орны толмағанын және жәбірленушілердің қатаң жаза тағайындау туралы пікірлерін ескерді. Сонымен қатар, Жәбірленушілердің талап арыздары бойынша, жалпы 225 млн. теңге өндіру талабы қанағаттандырылды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ және аппеляция түсірілуі мүмкін. Бұл жағдай туристік агенттіктерді таңдау және олардың көптен күткен саяхатқа шығар алдында тексеру керек екенін көрсетеді.

Добавить комментарий