Канада әскерилері украиналық босқындарды қорғайтын болады

Канада әскерилері Украина аумағындағы соғыстан бас сауғалап қашқан адамдарды қорғау және оларға көмек көрсету үшін Польшаға аттанады.

Әскери қызметшілер медициналық қызмет көрсетуге және жалпыға бірдей қолдауға көмектеседі көрсетеді.

Канада билігі Ресеймен соғыстан бас сауғалап қашқан украиналықтарды қолдау үшін Польшаға 150 әскер жіберуге шешім қабылдады. Бұл туралы Reuters Канаданың қорғаныс министрі Анита Анандтың сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

«Украина-Польша шекарасындағы дағдарысты шешуге көмектесу үшін мен Канада Қарулы Күштерінің 150-ге дейін сарбазды жөнелтетінімізді жариялаймын, оның жүзге жуығы дереу аттанады», — деп мәлімдеді министр.

Анита Анандтың айтуынша, әскерилер Польшада төрт айға жуық уақыт бойы болады және бірнеше бағыт бойынша, атап айтқанда рухани және медициналық көмек көрсетеді.

Канада қарулы күштерінің әскерилері де Польшаның гуманитарлық миссиясын қолдап, украиндықтардың Канадаға көшуіне көмектеседі.

«Канадалықтар мен біздің қарулы күштеріміз қауіпсіз әуе айлағын ұсынып, украиндық достарымызды құшақ жая қарсы алатын боламыз», — деп түйіндеді министр.

Добавить комментарий