Ливияның Дерна қаласында 150 бала су тасқынынан кейін судың ластануынан жаппай уланды

Ливияның Дерна қаласында болған су тасқыны салдарынан 150-ден астам бала лас судан уланды. Бұл су тасқықынан кейін қатты зардап шеккен аудандардың бірінде орын алды.

Триполидегі ұлттық бірлік үкіметінің қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі министр қала тұрғындарын судың ластануына байланысты құдықтан су ішпеуге шақырады.

Ел билігі осы күрделі жағдайда аурудың таралуын болдырмау үшін Дернеде дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының су қоймаларының ластану қаупіне қатысты ескертулеріне қарамастан, қалада қаза тапқандарды сол маңдағы зираттарға жерлеп жатыр.

Жексенбі күні ұлттық бірлік үкіметінің өкілдері Дернада болған су тасқыны салдарынан 3252 адам қайтыс болғанын мәлімдеді, алайда БҰҰ өкілдіктерінің мәліметі бойынша 11 300-ден астам құрбан болды деп мәлімдеді. Қала мэрі бұған дейін қаза болғандардың саны әлдеқайда жоғары — 20 000-нан астам адам болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген болатын.

Жойқын су тасқыны салдарынан жұма күні Дерна қаласындағы іздеу-құтқару операциясы барысында мальталық еріктінің қаза тапқаны туралы хабарланды. Мальта билігі Ливиядағы табиғи апат туралы ақпарат келіп түскеннен кейін қалаға 73 адамнан тұратын команда жіберген.

 

Добавить комментарий