Украиналық астық тиелген сегіз құрғақ таситын жүк кемесіне шығуға рұқсат берілді

БҮО Украина порттарынан астық тиелген тағы сегіз құрғақ жүк таситын жүк кемелерін шығуына рұқсат беру бойынша келісу процесін аяқтады.

Аталған кемелер 158 075 тонна азық-түлік тауарларын тасымалдайды. Бұл туралы Бірлескен үйлестіру орталығының (БҮО) 1 қыркүйекте жасаған хабарламасынан белгілі болды.

Аталған кемелердің бүгін, 2 қыркүйекте шығады деп жоспарлануда.

Nord Virgo және Fulmar S құрғақ жүк таситын кемелері Южный портынан аттанады, бірінші кеме Қытайға 62,3 мың тонна жүгері, ал екіншісі Болгарияға 9,8 мың тонна күнбағыс майын жеткізеді. Mubariz Ibrahimov және Stella Gs құрғақ жүк таситын кемелері Одессадан шығып, Түркия мен Израильге 6,6 мың тонна күнбағыс майы мен 30,3 мың т жүгері жөнелтеді.

Черноморсктен тағы үш кеме шығады: Katsuyama құрғақ таситын жүк кемесі Үндістанға 21 мың тонна күнбағыс майын жеткізеді, Mavka кемесі 12,5 мың тонна күнбағыс майын Румынияға, ал Ganga Star құрғақ жүк таситын кемесі 7 мың тонна рапсты Францияға жеткізеді.

Сондай-ақ, Черноморсктен Afanasiy Matyushenko құрғақ жүк тасымалдаушы кеме аттанады, ол Түркияға 3 мың тонна бидай жеткізеді. Кеменің шығуы сейсенбіге жоспарланған болатын, бірақ кейінге қалдырылды.

Бұған дейін, 29 тамызда БҰҰ баспасөз қызметі астық жеткізу мәмілесі бойынша келісім жасалғаннан бері Украина порттарынан 1,2 млн тоннадан астам астық және басқа да азық-түлік тауарлары шығарылғанын хабарлады.

Сондай-ақ, БҮО 30 тамызға дейін алты кемеге 121 мың тоннадан астам азық-түлік тауарларын шығаруға рұқсат бергені атап өтілді.

Бұған дейін, 27 тамызда Украина порттарынан 210 294 тоннаға жуық азық-түлік тауарларын тасымалдайтын жеті кеме шығатыны хабарланған.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 22 шілдеде РФ-ның ауыл шаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштарын әлемдік нарыққа жеткізуге жәрдемдесу туралы меморандумға қол қойды. Ресейлік министр атап өткендей, құжат БҰҰ-ның экспортқа салынған шектеулерді алып тастауға қатысуын көздейді. Сонымен қатар, украиналық делегация Түркия және БҰҰ-мен астық экспорты жөнінде келісімге қол қойды.

23 тамызда РФ СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Батыс украинадық астық тиелген кемені қолданып, Ресейге қарсы арандатушылық жасап жатқанын хабарлады. Осы орайда Захарова Ресей Ыстамбұлда жасалған Украина порттарынан астық пен азық-түлікті тауарларын қауіпсіз тасымалдау туралы төрт жақты келісімді бұзбайтынын мәлімдеді.

26 тамызда РФ СІМ Украинаның Қара теңіз порттарынан аттанған кемелер қозғалысы БҰҰ-ның Африка мен Азиядағы мұқтаж елдерге көмек көрсеьу міндеттерімен сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Ведомство хабарлағандай, Түркияға — 16, Италияға — төрт, Оңтүстік Кореяға — үш, ал Румынияға, Қытайға, Мысырға, Израильге, Нидерландыға — екі, ал Ирландияға, Иранға, Грекияға, Ливияға, ГФР-ға бір кеме барған.

Маусым айының соңында Ресей президенті Владимир Путин РФ Украина астығын әкетуге кедергі келтірмейтінін, Украина тарапы өз порттарына өздері мина қойғанын айтты.

Добавить комментарий